Еліміздің бірнеше облысындағы тасжолда көктайғақ болады

Автор: Асыл Арман

Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды

Фото: istockphoto.com

Еліміздің бірнеше облысында ауа райын байланысты тасжолдарда көктайғақ болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 1 желтоқсан күні Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтіліп отыр.

Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.

«1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады», – делінген хабарламада.