«421 мың тонна прекурсор тәркіленді»: Қазақстанда 1000-ға жуық ұйым тексерілді

Автор: Асыл Арман

Полиция қызметкерлері «Дәрмек» іс-шарасын өткізіп жатыр

Фото: Видеодан скрин

Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы прекурсорлардың заңды айналымын бақылау мақсатында 981 ұйым тексерілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, «Заң және тәртіп» қағидаты бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Оның аясында Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті прекурсорлардың заңды айналымын бақылау мақсатында полиция қызметкерлері «Дәрмек» іс-шарасын өткізіп жатыр.

ІІМ мәліметінше, полиция қызметкерлері осы аралықта 421 мың тонна прекурсор тәркілеп, 20 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Тексеру барысында кәсіпорын басшыларына ескерту жасалды. Соған қарамастан, кемшіліктер анықталуда. Мысалы, сот шешімімен Балқаш қаласындағы ұйымның лицензиясы тоқтатылды.

«Заңды тұлғаларға үндеу: Комитет бұл жұмысты жалғастырып, заңды түрде шаралар қабылдайды», – делінген ІІМ хабарламасында.