Лизингтің автонесиеден айырмашылығы көлікті алғашқы жарнасыз әрі несиесіз ұзақ мерзімге жалға алуға болады
Бүгіннен бастап елімізде автолизинг бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
24KZ телеарнасының мәліметінше Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жылдық шекті мөлшерлемені 36%-ке дейін бекітті. Бұған дейін 45 пайызға дейін естептелген еді. Бағдарламаның мақсаты – автокөлікті сатып алуды қолжетімді ету.
Лизингтің автонесиеден айырмашылығы көлікті алғашқы жарнасыз әрі несиесіз ұзақ мерзімге жалға аласыз. Келісімшарт мерзімі аяқталғанда темір тұлпарды қайта өткізуге немесе қалған берешегіңізді өтеу арқылы сатып алуға болады.
«Бұл жерге екінші деңгейлі банктерді кіргізбеу керек. Егер екінші деңгейлі банктерді кіргізсек, ол ертең тура автонесие болады. Сондықтан бұл жерде бөлек бір компания құрылу керек», - дейді Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Құспеков.
Еске сала кетейік, бұған дейін сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков қазақстандықтар лизингке алған автокөлігін кері қайтара алатынын мәлімдеген болатын. Әрбір автосалон мен лизингтік компания үшін пайыздық мөлшерлемелер, мерзімдер мен басқа да параметрлер жеке белгіленеді.