Ішек қатерлі ісігін тудыруы мүмкін тағамдар аталды

Автор: Алмас Ерсін

Ішек қатерлі ісігінің пайда болуына бірнеше фактор әсер етеді

Фото: istockphoto.com

Қызыл ет пен жартылай дайын өнімдерді жиі тұтыну ішек қатерлі ісігінің дамуына ықпал етуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy The Mirror басылымына сілтеме жасап.

Ішек қатерлі ісігіне (колоректалды қатерлі ісік) бірнеше фактор әсер етеді. Солардың бірі — дұрыс тамақтанбау.

«Тамақтану ішек қатерлі ісігінің дамуында маңызды рөл атқарады. Қызыл ет пен жартылай дайын өнімдерді жиі тұтыну ауруға шалдығу ықтималдығын арттырады», — дейді британиялық сарапшылар.

Басылым мәліметінше, Ұлыбритания ішек қатерлі ісігінің таралу көрсеткіші бойынша төртінші орында тұр. Сонымен қатар бұл ауру жас адамдар арасында да жиі анықталып отыр: 1995 жылдан бері 55 жасқа дейінгі науқастар үлесі екі есеге өсіп, 20%-ға жеткен.