Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінің қола медалі үшін күреседі

Автор: Асыл Арман

Абу-Дабиде (БАӘ) дзюдодан Grand Slam турнирі басталды

Фото: Olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін күреседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отандасымыз 1/4 финалға дейін жетіп, бұл кезеңде Қытай өкілі Синьжань Хуэйге жол берді.

Әбужақынова жұбаныш белдесуінде Моңғолия спортшысы Наранцэцэг Ганбаатарды жеңді.

Қазақстандық дзюдошының келесі қарсыласы испаниялық Ева Перес Солер болмақ.