Астанада бірнеше қоғамдық көлік бағдары іске қосылады

Автор: Асыл Арман

Жаңа маршруттардың жүру жолы белгіленді

Фото: CTS

Астанада 29 қарашадан бастап қоғамдық көлік желісіне үш жаңа маршрут қосылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаңадан ашылған бағдарлар:

  • № 65 бағдар – Болашақ көшесі – «Отау» шағын ауданы;
  • № 68 бағдар – «Газмашаппарат» АҚ – «Бағыстан» тұрғын үй кешені;
  • № 78 бағдар – Ұлттық шұғыл медициналық үйлестіру орталығы – № 64 мектеп-лицейі қатынасымен жүреді.

«Жаңа бағдарлар елорданың бірқатар маңызды нысаны арқылы жүреді. Мысалы, №65 бағдар жаңадан ашылған С.Шаймерденов көшесімен қатынайды, №68 бағыты «Бағыстан»ТК қаланың оң жағалауымен байланыстырып, К.Әзірбаев және М.Жұмабаев  көшелерін қоғамдық көлікпен қамтамасыз етеді.

Жаңа бағыттардың жұмысы жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға және қоғамдық көлікпен қамтуды жақсартуға бағытталған», – делінген хабарламада.

Қозғалыс сызбаларын Avtobys қосымшасынан көре аласыздар.