Қазақстанның қай өңірлерінде көктайғақ болады: жүргізушілерге ескерту жасалды

Автор: Асыл Арман

Қолайсыз ауа райы болуы мүмкін өңірлер хабарланды

Фото: istockphoto.com

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 2025 жылдың 28 қарашасында республикалық автожолдардағы қолайсыз ауа райы туралы ескерту жасады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қай өңірлерде жағдай қиындайды

Компанияның мәліметінше, бірқатар облыста жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Бұл жолдың көрінуін төмендетіп, көктайғаққа әкелуі мүмкін.

Қолайсыз ауа райы болуы мүмкін өңірлер:

  • Ақмола облысы;
  • Солтүстік Қазақстан облысы;
  • Шығыс Қазақстан облысы;
  • Павлодар облысы;
  • Абай облысы.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерді сақ болуға шақырады

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жүргізушілерге ұсыныстар:

  • жылдамдық режимін сақтау;
  • қауіпсіз қашықтықты ұстану;
  • көріну қашықтығы нашарлауын және көктайғақты ескеру;
  • күрт маневрлер мен тежегішті басудан аулақ болу.

Компания жүргізушілерден маршруттарын ауа райына қарай жоспарлап, жолда барынша мұқият болуды сұрайды.

Жолдардың жай-күйі туралы жедел ақпаратты қайдан алуға болады?

Кез келген тұрғын республикалық автожолдардың жағдайы, учаскелердің ашылуы немесе жабылуы, сондай-ақ ауа райы туралы жедел ақпаратты тәулік бойы 1403 колл-орталығынан біле алады.