Іздеуде жүрген қазақстандық Түркияда ұсталды
Астанада 165 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған әйел адам Ыстамбұлға қашып кеткені анықталды. Күдікті Қазақстанға депортацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен Ыстамбұлда ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі (ұрлық) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы әйел ұсталды.
2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың маусымына дейін Астанадағы зергерлік дүкендердің бірінде сатушы болып жұмыс істей жүріп, ол жалпы құны 156 млн теңгеден асатын бұйымдарды ұрлап кеткен.
27 қарашада түрік құқық қорғау органдарының көмегімен күдікті Қазақстанға депортацияланып, қамауға алынды.