$ 516.86  598.68  6.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде ер адам сүйіктісін қызғанғанынан танысын ұрамын деп соттан бір-ақ шықты

Минуттық қызғаныш Семей тұрғынын 400 сағат қоғамдық жұмысқа жеткізді

Семейде ер адам сүйіктісін қызғанғанынан танысын ұрамын деп соттан бір-ақ шықты
Фото: istockphoto.com

Семейдің 33 жастағы тұрғыны туған күнінде сүйіктісін қызғанамын деп танысын бірнеше рет ұрып, орташа ауыр жарақат келтіргені үшін сотты болды. Сот оның жазасын 400 сағат қоғамдық жұмыс етіп белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

33 жастағы Семей тұрғыны туған күнін мерекелеу үшін сүйіктісіме. бірге танысының мерекесіне барған. Той кезінде спирттік ішімдік ішіп отырып, ер адам қызына біреу қызығушылық танытқанын байқайды. Қызғаныштан ол танысын бірнеше рет ұрып, денсаулығына орташа ауыр зиян келтірген.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, жаза түрінде 400 сағаттық қоғамдық жұмыс белгіледі. Қылмыскер Затон ауданы пробация қызметінде есепке алынды. Қызметкерлер оған түсіндірме және тәрбиелік сипаттағы әңгіме жүргізді. Әңгіме барысында ер адам бойдақ екенін және балалары жоқ екенін айтты. Қазір ол ЖЭО-де күніне төрт сағат жұмыс атқарып, тағайындалған жазасын өтеп жатыр. Оның әрекеті мен жазаны орындауы пробация қызметі тарапынан бақылауда.

«Мен ол жағдайда дұрыс істеген жоқпын. Қызғаныш пен ішімдік әсер етті. Мен кінәмді түсінемін және кез келген жағдайды күшпен емес, сөзбен шешу керегін білемін. Енді менің міндетім – тағайындалған қоғамдық жұмыс сағаттарын толық орындау, өмірге көзқарасымды өзгерту, ойланып жасалмаған қадамдарды қайталамау, тұрақты жұмыс табу және заңды бұзбау.

Затон ауданы пробация қызметінің орынбасары Ерік Өсербаев жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Пробация қызметінің негізгі міндеті тек бақылау ғана емес, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу. Біз сотталғандарға жасаған әрекеттері үшін жауапкершілікті түсінуге көмектесеміз. Қоғамдық жұмыстар, тәрбиелік әңгімелер және тұрақты бақылау арқылы тәртіп пен заңға құрмет қалыптасады.

Серіктес жаңалықтары