28 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Синоптиктер болжамы белгілі болды

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК 28 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Солтүстік және орталық өңірлер (Ақмола, Қостанай, СҚО, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау)

Солтүстік пен орталықта қар жауады, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ, тұман байқалады. Жел негізінен солтүстік-батыстан 9-14 м/с, кей өңірлерде 15-20 м/с-қа күшейеді. Түнгі және күндізгі температура -1…-9° аралығында, СҚО-да -14…-19° дейін аяз. Астана, Көкшетау, Қостанай және Павлодарда жауын-шашынсыз, бірақ күн суық, -2…-6°. Карағанды мен Жезқазғанда да жауын-шашын жоқ, түнде -3…-7°.

Шығыс өңірлер (ШҚО, Абай)

Шығыста қар, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде -4…-10°, ШҚО-ның солтүстігі мен шығысында -10…-19°, күндіз -2…-6°. Өскемен мен Семейде қар жауады, жел 9-14 м/с, кей бөлікте 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Таңертең тұман болады.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлер (Алматы, Жетісу, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда)

Оңтүстікте ауа райы ашық, жауын-шашынсыз. Жетісу мен Түркістан облыстарының таулы аумақтарында тұман күтіледі. Алматыда түнде 0…-2°, күндіз +11…+13°; Қонаевта -2…0°, күндіз +9…+11°. Шымкент пен Түркістанда күн жылы +14…+18° болады. Қызылордада да жауын-шашынсыз, күндіз +10…+12°. Жамбылда +14…+16°.

Батыс өңірлер (БҚО, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе)

Батыста жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. БҚО мен Ақтөбеде -3…-8° түнде, күндіз +2…+6°. Атырауда түнде -2…0°, күндіз +5…+7°. Маңғыстауда түнде +2…+4°, күндіз +10…+12°. Жел көбінесе солтүстік-шығыстан 5-12 м/с соғады.