Ұлттық қауіпсіздік комитеті Айдос Есполовтың ұсталғанын растады

Автор: Мөлдір Қазыбай

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының бұрынғы кеңесшісіне қатысты іс қозғалды

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының бұрынғы кеңесшісі Айдос Есполовтың ұсталғанын Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Аталған факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – деп мәлімдеді ведомство.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың мамыр айында 2017 жылғы ЭКСПО көрмесіне бөлінген қаражатты жымқыруға қатысты іске қатысты жаңа тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланған.