Қазақстандағы биржалық саудада доллар бағамы арзандады.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндік сауданың орташа салмақты бағамы 516,86 теңгені құрап, бір күнде 1,75 теңгеге төмендеді деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазір Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды орташа есеппен 516,49 теңгеге сатып алады, 518,77 теңгеге сатады.
Астанада долларды орташа есеппен 514,71 теңгеге сатып, 521,71 теңгеге сатады.
Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды орташа есеппен 516,41 теңгеге сатып, 519,07 теңгеге сатады.