«Үйіме кір, бірге демалайық»: Талғарда зіңгіттей еркек 15 жастағы қыз балаға қырындаған (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Жағымсыз оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды

Фото: Видеодан скрин

Талғарда ер адам 15 жастағы мектеп оқушысына біртүрлі ұсыныс жасап тиіскені, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған. Онда ер адамның оқушы қызға қырындағанын байқауға болады.

«Үйіме кір, бірге демалайық», – дейді бейтаныс ер адам кішкентай қызға.

Қыз подъезге кірген бойда ер адам оның соңынан еріп, белінен ұстап, өзінің пәтеріне бірге баруды ұсынған. Оқушы лифтіге кіріп, үйіне көтеріліп барған соң болған оқиғаны анасына айтып берген. Анасы дереу полиция шақырған.

Агенттік тілшісі оқиғаға қатысты Алматы облысының Полиция департаменті ресми сауал жолдады.