$ 518.68  600.27  6.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облысында құны 625 млн теңгеден асатын 16 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Жер қойнауын пайдалану үшін берілген жер учаскелері қайтарылды

Қостанай облысында құны 625 млн теңгеден асатын 16 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Қостанай облысында құны 625 млн теңгеден асатын 16 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қостанай облысының Прокуратурасы Жер учаскелерін қайтару бойынша шаралар қабылдамау фактілерін анықтады.

Бұрын кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру үшін берілген 16 учаске бойынша лицензиялардың қолданылу мерзімі аяқталғаны не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мерзімінен бұрын тоқтатылғаны анықталды.

«Сонымен бірге, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21 және 107-баптарының талаптары бұзылған, олардың одан әрі иеленуі үшін құқықтық негіздері болмағанына қарамастан, жер шаруашылық жүргізуші субъектілерге есептелуін жалғастырды.

Облыс прокуратурасының қадағалау актісі бойынша құны 625 млн теңгеден асатын 16 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды», – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары