Бұл оның карьерасында ерекше серпінді маусым болды
Қазақстандық теннисші Александр Бублик 2025 жылғы маусымды әлемдік рейтингте 11-орынмен аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2025 жылғы маусымда Бублик 72 матчта 674 эйс орындады. Ал рейтингте көшбасшы болған америкалық Тейлор Фрицтің есебінде 867 эйс бар.
Сонымен қатар, Александр қос қателер саны бойынша екінші орынға тұрақтады – 299 қате. Тек канадалық Денис Шаповалов көбірек қате жіберген – 48 кездесуде 302 қате.
Статистикалық қателіктерге қарамастан, бұл маусым Қазақстанның бірінші ракеткасы үшін ерекше серпінді болды. Бублик карьерасында алғаш рет әлемдік рейтингте 11-орынға көтерілді, ATP турнирін төрт рет жеңіп алды және жылдың қорытынды турнирінде қосалқы ойыншы мәртебесін алды.