Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкекке барды

Автор: Асыл Арман

Оны әуежайдан Қырғызстан президенті әкімшілігінің басшысы күтіп алды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Манас әуежайынан Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан президенті әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.