Аумақта экологиялық тексеру жүргізілді
Ақтау қаласында «ҚазАзот» АҚ зауытында электрмен жабдықтауда ақау шықты, қала тұрғындары оның үстінен шыққан сары түтінді видеоға түсіріп алды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Куәгерлер зауыт аумағында химиялық шығарындысы болуы мүмкін сары түтінді видеоға түсірген.
Маңғыстау облысының экология департаменті мәліметінше, 25 қараша күні жүргізілген жедел ауыстыру жұмысы кезінде автоматты ажыратқыштың жетегі істен шыққан, соның салдарынан №1 агрегат уақытша тоқтап қалған.
Экологтар 17:00-17:50 аралығында «ҚазАзот» АҚ зауытының санитарлық қорғау аймағында ауа сапасын өлшеу жұмысын жүргізген.
«Атмосфералық ауадағы зиянды заттардың шектен асуы анықталған жоқ, жағдай тұрақтандырылды. Ақау фактісі бойынша зауытқа жоспардан тыс тексеріс тағайындалады. Тексерістің нәтижесі қосымша хабарланады», – деді департаментте.