Оқу-ағарту министрлігі педагогтердің лауазымдық типтік біліктілік сипаттамаларына өзгерістер әзірледі
ҚР Оқу-ағарту министрлігі педагогтердің лауазымдық типтік біліктілік сипаттамаларына түзетулер дайындады. Ведомствоның бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтырулар құқық қорғау және сот органдарында жұмыс істеген, сондай-ақ басқа мамандықтар бойынша білімі бар және педагогикалық қайта даярлаудан өткен тұлғалардың білім беру ұйымдарына «Құқық негіздері» пәні мұғалімі және кәсіби бағдар беретін педагог лауазымдарына орналасуына мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігі.
Құжаттың жобасы 2025 жылдың 10 желтоқсанына дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.