Қазақстанда жаңа туған 21 нәрестеден коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ел бойынша 1085 жүкті әйел COVID-19 вирусын жұқтырып үлгерген

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған әйелдер арасында 21 ананың нәрестесі іште жатқанда вирус жұқтырған. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлім етті.

Абзал болғанда, ол балалардың барлығын дәрігерлер ауыр сырқаттан аман алып қалған.

«Республика бойынша пандемия кезінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 1085 жүкті әйел тіркелді. Олардың 167-і босанды, балалары сау. Анасынан вирус жұқтырып, туа сала коронавирус анықталған нәрестелер саны – 21. Олардың барлығы қазір жазылып шықты», - деп мәлім етті Бюрабекова.

Айта кетейік, қазір Қазақстан бойынша 249 бала жұқпалы вирустан емделіп жатыр.