Түркістан облысында өзгелерге 26 онлайн-несие рәсімдеген күдікті ұсталды

Автор: Асыл Арман

Облыста киберқылмыспен күрес жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр

Фото: istockphoto.com

Түркістан облысында 26 онлайн-несие рәсімдеген күдікті қолға түсті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ПД киберқылмыспен күрес басқармасының басшысы Ермек Шаким интернет-алаяқтыққа қатысты жағдайды баяндады.

Оның айтуынша, алаяқтықтың ең кең тараған схемаларына банк қызметкерлері атынан қоңырау шалу, алдын ала төлем талап ету, күмәнді инвестицияларға ақша салуды ұсыну, таныстар атынан ақша аударуды сұрау, сондай-ақ жалған жүлделер мен лотереялар кіреді.

Жыл басынан бері полиция бірнеше көптеген қылмысқа қатысы бар күдіктілерді анықтап, ұстаған.

Сауран ауданының тұрғыны өзге адамдардың атына 26 онлайн-несие рәсімдеді деген күдікпен ұсталды.

Мақтаарал ауданының тұрғыны жұмысқа орналастыру жөнінде алаяқтық жасаған болса, Шымкент қаласының тұрғыны осындай төрт эпизодқа қатысы бар болып шықты.