Балмұздақтың кері қайтарылуының себебі белгілі болды
Россельхознадзор Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасында Оренбург облысындағы Маштаково өткізу пунктінде 22 қараша күні 12,3 тоннадан астам әртүрлі балмұздақ өнімдері Ресейге кіргізілген жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Вагон тасымалдаушы Қазақстанда өндірілген өнімнің шикізат көзін растайтын құжаттарды ұсынбаған, яғни шикізат қауіпсіздік талаптарын сақтайтын Қазақстандағы тіркелген шаруашылықтардан алынғанын дәлелдей алмады.
Бұл талаптар Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы кодексіне сәйкес энцефалопатияның алдын алу шараларына қатысты. Сонымен қатар, ветеринарлық сертификаттағы өнімнің өндірілген күні өнімнің маркировкасындағы мәліметтермен сәйкес келмеген.
Арнайы баптарда сүт өнімдерінің инфекциялық аурудан таза деп танылған шаруашылықтардан алынғаны туралы мәлімет жоқ.
«Қадағалауға жататын жүкті заңсыз тасымалдағаны үшін тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жүк шыққан еліне қайтарылды», — деп хабарлады Россельхознадзор.