Ер адамды ТЖМ тікұшағымен тасымалдады
Жетісу облысында жол апатынан зардап шеккен адам Сарқан қаласынан Талдықорғанға тікұшақпен жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ мәліметінше, Жетісу облысының Сарқан қаласында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан бір адам зардап шекті. «Қазавиақұтқару» экипажы шұғыл санитарлық рейс жасады.
Ұшқыштар мен дәрігерлердің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында ер адам Талдықорған қаласына жеткізіліп дәрігерлерге тапсырылды.
«ТЖМ тікұшақтары шұғыл медициналық көмек көрсету үшін үнемі дайын», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.