Тоқаев Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы Заңға қол қойды

Автор: Бақыт Шынар

Мемлекет басшысы халықаралық келісімді ратификациялады

Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасының президенті «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру қауіп-қатеріне баға беретін халықаралық орталықты құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аталған құжат халықаралық деңгейде қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған.

Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланады.