17 өңірде өсім байқалған
Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі өндіріс көлемі 6,2%-ға артты. Бұл туралы ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Оның айтуынша, қаңтар–тамыз айларымен салыстырғанда өсім қарқыны 0,3 пайыздық тармаққа баяулағанымен, оң динамика сақталған. Жалпы өсім 17 өңірде тіркелді.
«Ең жоғары өсім Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Шымкент пен Алматы қалаларында байқалды. Өндіріс көлемінің төмендеуі Шығыс Қазақстан, Ақмола және Ұлытау облыстарында тіркелді», – деді Әмрин үкіметте.
Вице-министрдің айтуынша, өңдеу өнеркәсібіндегі өсім келесі бағыттар есебінен қамтамасыз етілген:
Өсу қарқынының баяулауына металлургия саласындағы өндірістің төмендеуі әсер еткен.
«Металлургияда өсім бар болғаны 0,3%-ды құрады, ал қара металлургияда өндіріс көлемі 0,9%-ға азайды», – деп нақтылады Әмрин.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, тау-кен өнеркәсібінің өндіріс көлемі 9,3%-ға артқан. Салалық құрылымда:
Ал құрылыс саласында өсім 14,9%-ды құрағанымен, бұл көрсеткіш 3,2 пайыздық тармаққа баяулаған.Құрылыс көлемінің ең жоғары өсімі Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Түркістан облыстарында байқалды.
Керісінше, Атырау облысы, Шымкент және Абай облысында төмендеу тіркелді.