Қаржы министрлігі: Қазақстан Халық Кеңесін құру үшін бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінеді

Автор: Махан Миражан

Құрылтайда 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы талқыланып жатыр

Фото: Azattyq Rýhy

2027-2029 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Халық Кеңесін құруға 1,7 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Құрылтайда өткен республикалық бюджет жобасының таныстырылымында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Абзал Бейсенбекұлының айтуынша, 2027 жылы «Қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және резервтер» бағытына 4,9 трлн теңге қарастырылған. Оның негізгі бөлігі – 3,3 трлн теңге күштік құрылымдарға бағытталады. Мемлекеттік басқаруға 787 млрд теңге бөлінсе, Үкімет резерві 370 млрд теңгені, ал президент бастамаларына арналған резерв 470 млрд теңгені құрайды.

Ол осы бағыт бойынша қосымша шығыстар да қарастырылғанын атап өтті.

«Қосымша қаражат мынадай мақсаттарға бөлінеді: күштік құрылым қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдеріне – 95 млрд теңге, Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің санын көбейтуге – 2,3 млрд теңге, Қазақстан Халық Кеңесін құруға – 1,7 млрд теңге. Жалпы аталған бағыт бойынша қосымша шығыстардың көлемі шамамен 89 млрд теңгені құрайды», – деді Қаржы вице-министрі.