BCC Leasing бизнеске өз меншікті мүлікті алуға көмектеседі

Автор: Azattyq Rýhy

Жылжымайтын мүлік лизингі кәсіпкерлерге жалдау шығындарын азайтып, салықтық артықшылықтар алуға қалай мүмкіндік береді

Фото: BCC Leasing

BCC Leasing (Банк ЦентрКредиттің еншілес компаниясы) Қазақстанда алғашқы болып коммерциялық жылжымайтын мүлікті лизингке беру өнімін іске қосты. Бұл қаржылық құрал кәсіпкерлерге айналым қаражатын айтарлықтай жұмсамай-ақ, өз меншікті ғимаратын алуға мүмкіндік береді.

Жылжымайтын мүлік лизингі кезінде компания объектіні сатып алып, оны ай сайынғы төлемдер арқылы клиенттің пайдалануына береді. Шарт мерзімі аяқталғаннан кейін жылжымайтын мүлік лизинг алушының меншігіне өтеді. Сатып алынатын мүліктің өзі мәміле бойынша қамтамасыз ету құралы болғандықтан, рәсімдеу процесі жеңілдейді және қосымша кепіл талап етілмейді.

BCC Leasing-тегі жылжымайтын мүлік лизингі шарттары:

  • бастапқы жарна – 15%-дан бастап;

  • қаржыландыру мерзімі – 7 жылға дейін;

  • жылжымайтын мүлік лизингі бойынша базалық мөлшерлеме: 22,35%-дан 23,50%-ға дейін (ЖТСМ 25,32%-дан 26,80%-ға дейін);

  • құрылыс компанияларымен әріптестік бағдарламалар бойынша: 5,40%-дан (Astana Investment Park нысандары үшін) 22,50%-ға дейін (ЖТСМ 6,49%-дан 25,55%-ға дейін).

Маңызды артықшылығы – лизингтік төлемдер компанияның шығындары құрамында есепке алынады, бұл салық салынатын базаны төмендетеді.

«Кәсіпкерлер тарапынан жылжымайтын мүлік лизингіне сұраныс өте жоғары екенін көріп отырмыз. Бұл бизнеске қатысты бірнеше негізгі мәселені бірден шешеді: компания активтерін қалыптастырмайтын, бірақ қымбат тұратын жалдау төлемдері; сатып алу кезінде қажет болатын ірі біржолғы инвестициялар; сондай-ақ ұзақмерзімді тұрақтылықтың болмауы. Лизинг өз меншігіңе төлеуге мүмкіндік береді, сол арқылы актив қалыптастырып, даму үшін айналым қаражатын сақтауға жағдай жасайды», – деді BCC Leasing бас директоры Назерке Төлеуова.

Қазақстандық кәсіпкерлердің тәжірибесі бұл құралдың тиімділігін растайды. Қарағандыдағы ColorPrint 22 баспасының иесі Қайрат былай дейді:

«Кәсіби жабдық сатып алғаннан кейін бұрынғы 40 шаршы метрлік кеңседе әрі қарай даму мүмкін емес екені анық болды. Лизингті таңдаудағы басты фактор – мөлшерлеменің бекітілген болуы. Ал жалдауда шарттар кез келген уақытта өзгеруі мүмкін. Бұл бюджет жоспарлау кезінде тұрақтылық береді».

Нәтижесінде қаланың дәл ортасынан 80 шаршы метрлік жаңа кеңсе сатып алынды.

«Енді ай сайынғы төлемдер жалға емес, өз меншікті нысанды сатып алуға жұмсалады. Сонымен бірге жұмысты бірден жалғастырып, өндірісті дамытуға болады», – дейді кәсіпкер.

Айта кетейік, BCC Leasing Қазақстанның барлық өңірлеріндегі нысандарды қабылдайды.

Негізгі талаптар:

  • 1-ші капитальдылық тобының ғимараттары;

  • пайдалану мерзімі 30 жылдан аспау керек;

  • ауданы 500 шаршы метрге дейін;

  • әрлеу жағдайы маңызды емес.

500 шаршы метрден асатын нысандар жеке тәртіппен қаралады.

Өтінім қалдыру, төлемді есептеу және лизинг шарттары жөнінде толық ақпаратты ресми сайттан білуге болады.

Лицензия № 1.2.25/195/34, 03.02.2020, ҚР ҚҚАРҚ берілген.