Заңгер «Azattyq Rýhy Tv»-ге сұхбат берді
Танымал заңгер Бақытжан Базарбек Алматы облысында 2011 жылы нысаналық мақсаты ауысқан жер телімдерінің ауданның бас жоспарына сәйкес келмегенін айтады. Әуежай шекарасынан 4 шақырым қашықтықты қамтыған қорғау аймағына жаппай үй салуға Алматы облысы Талғар ауданының шенеуніктері көпекөрнеу рұқсат берген деген ойда. Ал, көлік прокуратурасы, жергілікті прокуратура өкілдері, жер-кадастарлық бақылау инспекциясы мен Алматы облысы әкімдігі қайда қараған деген заңды сұрақтар қояды. Ол сұқбат барысында өзіне қысым жасалып отырғанын да айтты.
Ришат Асқарбекұлы, Алматы