$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.10.2020, 15:37
Сұхбат

COVID-19 және тұмау вирустарынан қалай сақтанамыз – дәрігер Елена Хегайдың кеңесі

Дәрігер ауру белгілері пайда болған сәтте антибиотик қабылдауға мүлдем болмайтынын айтты

COVID-19 және тұмау вирустарынан қалай сақтанамыз – дәрігер Елена Хегайдың кеңесі

Күзгі-қысқы маусым – респираторлық вирустардың қозатын кезеңі. Сондықтан бүкіл әлем коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындалуда.

Қазақстанның отбасылық дәрігерлер ассоциациясының кеңесшісі, 1 дәрежелі отбасылық дәрігер Елена Хегай Azattyq Rýhy оқырмандарына тұмау мен КВИ белгілерінің айырмашылығы қандай, иммунитетті қалай көтеруге болады, созылмалы ауруы бар адамдар күзгі-қысқы кезеңде өздерін қалай қауіпсіздікке алуға болатынын айтып берді.

КҮЗ-ҚЫС МАУСЫМЫНДА СОЗЫЛМАЛЫ АУРУЫ БАР ТҰЛҒАЛАРҒА ЖРВИ АЛДЫН АЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Созылмалы ауруы бар адамдар өзгелермен салыстырғанда жіті вирустық және бактериялық инфекциялардың ауыр ағымына анағұрлым бейім. Шетелдік ғалымдардың А тұмауы салдарынан ауыр және қауіпті пневмония дамуының соңы диабетке ұласатынын дәлелдейтін зерттеулері бар. Сондай-ақ, 2002 (SARS немесе ауыр жіті респираторлық синдромы немесе типтік емес өкпе қабынуы) және 2012 жылғы (MERS, орташа-шығыс респираторлық синдромы) коронавирустық инфекциялардың індеті көрсеткендей, қант диабеті бар науқастар, гипертония, жүрек-қан тамырлары аурулары, семіздік сияқты ілеспе ауруы барлар коронавирустық пневмонияның ауыр және өлімге әкеп соғатын жоғары даму қаупімен жиі ауырады. Сондықтан қауіп тобындағылар (5 жасқа дейінгі балалар, 65 жастан асқан ересек адамдар, жүкті әйелдер, созылмалы ауруы барлар мен шылым шегетіндер) тұмау мен пневмокок инфекциясына қарсы екпе алғандары дұрыс.

Суық тию белгілері, дене қызуы, мұрыннан су ағу, жөтел және әлсіздік белгілері байқалған адамдар жұмысқа бармай, үйде отырғандары абзал. Үйде отырғанда қолды жуып, бөлмелерді желдетіп, тазалық жұмыстарын жасап, жазылғаннан кейін де кемі 3 тәулік үйде болуы керек. Тағы бір айта кететіні, ауру белгілерін күнделікке жазып отырыңыз, оның ішінде дене қызуы, бір минуттағы дем жиілігі, сатурация деңгейі, жөтел, бас ауру, демікпе, іш ауру, диареяны жазып отыру маңызды.

ТҰМАУ МЕН КВИ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ ҚАНДАЙ?

Тұмауда 4-ші күні дене қызуы қалыпқа келе бастайды, ал КВИ-де ол бір аптадан аса көтерілетінін байқап жүрміз. КВИ инфекциясы кезінде науқас шамадан тыс тершең болып, кейбірі дәм мен иіс сезу белгілерінен айрылады. Ал тұмауда керісінше, адам денесі тітіркеніп, мұздап тұрады. Одан бөлек, түшкіру, мұрыннан су ағу мен дене қызуы болады.

Суық тию, тұмау, КВИ инфекцияларының табиғаты вирустық болған соң, алғашқы емді антибиотиктермен бастаудан аулақ болыңыздар. Негізінен сұйықтық көп ішіп, мұрынды тұз, ас содасы сынды арнайы ерітіндімен шаю керек. Әдетте дене қызуы қатты көтеріліп, бойда әлсіздік болса ғана парацетомол немесе ибупрофен тағайындаймыз.

ТРОМБҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕР МЕН ГОРМОНДАР

КВИ кезінде тромбоз қаупі бар екенін білеміз. КВИ-мен ауырған науқастарға тромбқа қарсы антикоагулянттар стационар жағдайында ғана тағайындалуы тиіс. Гормондар (дексаметазон, принизалон және т.б.) науқастарға реанимация жағдайында ғана беріледі.

ИММУНИТЕТ ӘЛСІРЕУІНІҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ

Бір жылда тұмаумен екі-үш рет ауыру – қалыпты жағдай. Тұмауда адамдардың көпшілігі 7-10 күн аралығында қалыпқа келеді. Осы уақыт ішінде, иммундық жүйе антиденелерді өндіріп, вирустармен күреседі. Бірақ науқас жоғарыда мен айтқан көрсеткіштерден де жиірек ауырып, екі аптаға жуық аралықта жазылмаса, ол иммунитет әлсіреуінің айқын белгісі.

AAAAI (Америкалық аллергия, демікпе және иммунология академиясының) ұсынысы бойынша, адам иммунитетінің әлсіреу белгілері төмендегідей:

  • бір жылда төрт реттен көп құлақтың жұқпа ауруы
  • бір жыл ішінде екі рет пневмония ауруы
  • созылмалы синуситтың болуы (гайморит, фронтит) немесе бір жылда бактериялық синуситтің үш эпизодтан көп болуы
  • жылына екі курс антибиотиктерді қабылдаудың қажеттілігі.

Одан бөлек, ұзақ уақыт болатын күйзеліс адамның иммундық жүйесінің реакциясын әлсіретіп, жұқпамен күресуге көмектесетін ағзадағы лимфоциттердің санын азайтады. Лимфоциттердің деңгейі неғұрлым төмен болса, жіті респираторлық вирусты жұқпаларды жұқтыру қаупі соғұрлым жоғары.

Асқазан-ішек жолдарында проблемалардың жиі болуы: мысалы, жиі іш өту, іштегі жел немесе іштің қатуы. Бұл белгілер антибиотиктерді негізсіз қолданудан да болуы мүмкін. Зерттеулер көрсеткендей, біздің иммундық жүйенің шамамен, 70%-ы ас қорыту жолында орналасқан. Сол жердегі пайдалы бактериялар мен микроорганизмдер ішекті жұқпалы аурулардан қорғайды және иммундық жүйесін қолдайды. Ішектегі пайдалы бактериялардың азаюы имуниттеті төмендетеді, созылмалы қабынуын тудырады, тіпті аутоиммунды бұзылулар пайда болуы мүмкін.

Сондай-ақ, денедегі жараның жазылуы баяу жүрсе, ол да адам иммунитетінің түсіп кеткенін білдіреді. Қалыпты жағдайда, адам ағзасы, жараны қорғау және теріні қалпына келтіру үшін бар күшін жібереді. Бұл процесс сау иммундық жасушаларға байланысты.

ЖӨТЕЛ КЕЗІНДЕ АНТИБИОТИКТЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА БОЛА МА?

Ең алдымен, жөтелдің шығу себебін анықтау қажет. Жөтелдің бәрі тұмау емес, күзгі-қысқы маусымда аллергия қозады. Жөтел – бұл қорғаныс рефлексі, ол тыныс алу жолдарын жағымсыз тітіркендіргіштерден тазалауға көмектеседі (бөгде заттар, аллергенмен немесе жұқпа қоздырғышпен байланысқа жауап ретінде қабыну және т. б.). Жөтел кезінде вирустық инфекциялар балалар мен ересек адамдарда 3 аптаға дейін созылуы мүмкін. Сол себепті қатты асқынған жағдай болмаса, антибиотик қабылдауға асықпаңыздар. Антибиотиктерді қабылдау кезінде вирустық жұқпалар жөтел ұзақтығының қысқаруына ғана әкеледі.

Еске салсақ, бірнеше ай бұрын Қазақстанның отбасылық дәрігерлер ассоциациясының білікті дәрігері коронавирус пневмониясынан үй жағдайында қалай емделуге болатыны туралы айтқан.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары