COVID-19 «Коронавирус, кет, кет» деп ән салған Марат Омаровты да айналып өтпеген

Автор: Azattyq Rýhy

ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші-композитор Марат Омаровпен бүкпесіз әңгіме

Пандемия басталған тұста «Коронавирус, кет, кет!» әнімен тек Қазақстанда ғана емес, елден тыс жерде де танымал болған әнші-композитор Марат Омаров COVID-19 індеті оның отбасын да айналып өтпегенін айтты. Тіпті, сазгердің өзі де коронавирус жұқтырып алған.

Танымал әннің авторы пандемия кезінде хитке айналған туындысы үшін АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен ұйымдастырылмақ болған қайырымдылық концертіне шақыртуды кімнен алғанын айтты.

Әнші басқа да әндері танымал екенін, кейбір туындылары жеті тілге аударылғанын жеткізді.

Сондай-ақ Марат Омаров танымал болу үшін шетелдік сахналарға шығуға асығатын қазақстандық өнер иелері жайында пікір білдірді.