Африка мен Орталық Азияда Үндістанда өндірілген шәрбаттардан 140-тан астам бала көз жұмған
Үндістан билігі кемінде 24 баланың өмірін қиған жөтелге қарсы Coldrif шәрбаты қатысты тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Тамилнад штатының үш шенеунігінің мәліметінше, дәрі жасайтын шикізатты жеткізу кезінде қауіпсіздік талаптары сақталмаған. Олар Coldrif шәрбатын өндіруге қолданылған пропиленгликоль еріткіші уытты химиялық хат – диэтиленгликольмен араласып кеткенін айтқан.
Денсаулық сақтау мамандары сиропының құрамында қауіпті у барын растаған. Еріткіш Sresan компаниясына Jinkushal Aroma және Sunrise Biotech атты екі делдал компания арқылы жеткен. Бұл фирмаларда химиялық заттарды тасымалдауға лицензиясы болмаған. Алғашқы, таза химиялық өнімді Оңтүстік Кореядағы SK picglobal компаниясы шығарған. Бірақ еріткішті тасымалдаушы компаниялар жолда қайта құйып, қаптаған. Сарапшылар дәл сол кезде уланған болуы мүмкін дейді.
Осы оқиғадан кейін Sresan компаниясының лицензиясы тоқтатылып, оның негізін қалаушы Г. Ранганатан қамауға алынды. Фабрикада жүргізілген тексерістер онда көптеген санитарлық және өндірістік талаптардың бұзылғанын көрсетті.
Айта кетейік, 2022–2023 жылдары Африка мен Орталық Азияда Үндістанда өндірілген шәрбаттардан 140-тан астам бала көз жұмған. Сол оқиғалардан кейін Нью-Дели фармацевтикалық бақылауды күшейтуге уәде берген еді.
Үнді билігі Coldrif сиропындағы уытты заттың қай кезеңде және қалай пайда болғанын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.