Мекеме иесі мен бір адам жеті тәулікке қамалды
Әлеуметтік желілерде тараған видеодан кейін Жетісу полициясы қоғамдық орында жартылай жалаңаш билеген адамдарды қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтарға қатысты, соның ішінде мекеме иесіне және бірнеше тұлғаға әкімшілік материалдар жинақталып, арнайы әкімшілік сотқа жолданды. Сот шешімі бойынша мекеме иесі мен қатысушылардың біріне 7 тәулікке қамалды», - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.
Полиция мекеме басшысына ескерту жасап, ресми қағаз ұсынған.