Петропавлдағы аулалардың бірінен ер адамның мәйіті табылды

Автор: Бақыт Шынар

Ер адам ауладағы турникте асылып қалған 

Фото: © freepik.com / user10329879

Петропавл қаласында қайғылы жағдай орын алды: бір үйдің ауласынан турникте асылып тұрған ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы жергілікті 7152.kz сайты хабарлап отыр.

Қайғылы оқиға 20 қараша күні болған. Таңғы сағат 07:00-де көршілер 52 жастағы ер адамның мәйітін тапқан.

Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.