Астанада «Әлем» базарына арнайы жасақ апыр-топыр жетіп келіп, мөр басатын жігітті ұстап әкетті (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Ол анықтамасы жоқ малдарға мөр басып беріп жүрген

Фото: скриншот

Астана полициясының арнайы жасағы «Әлем» базарына келіп, еттерге мөр басып жүрген 41 жастағы азаматты ұстап әкетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция осы арқылы базарға қайда сойылғаны және сапасы өандай екені белгісі ет жетіп отырған деп топшылап отыр.

«Мал ұрлығы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында уәкілетті органдардың рұқсатынсыз ветеринариялық ілеспе құжаттарды рәсімдеумен айналысқан 41 жастағы ер адамның заңсыз әрекеті анықталды», - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, ол адамдардан сыйақы алып әкелген еттеріне мөр басып беріп отырған. Ол бұл мөрді және басқа да жалған құжаттарды қолдан жасап, ақшаға сатып отырған. Құқық өорғау органдары базардың әкімшілігіне бұндай заңсыздыққа жол бергені үшін ұйғарым енгізген.