ДСМ Жетісайдағы өрттен тірі қалған үш адамның қайтыс болғанын жоққа шығарды

Автор: Бақыт Шынар

Дегенмен, вице-министр олардың жағдайы нашар дейді 

Фото: freepik.com

Бүгін Мәжіліс кулуарында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Жетісайдағы өрттен жараланған үш адамның да қайтыс болғанын жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жоқ, олар қазір ауруханада. 2018 жылғы қыз бала мен бір әйел, бір ер адам жатыр. Хәлдері нашар. Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен Санавиация Түркістан және Шымкент қалаларынан бес қосымша дәрігер оқиға орнына кетті кеше», - деді ол.

Дәрігерлердің арасында комбустиолог, токсиколог және анестезиологтар бар.

«Қазір олар токсикологиялық шокта жатыр. Ары қарай жағдайлары тұрақталса, Шымкент немесе Астанаға жіберу туралы шешім қабылдаймыз. Денелері 11-12 пайыздан 30 пайызға дейін күйген», - деді ДСМ өкілі.