Атақты Том Круз 63 жасында алғаш рет «Оскар» сыйлығын алды

Автор: Темірхан Айжан

Ол осы номинацияға 4 рет ұсынылған 

Фото: Reuters

Лос-Анджелесте актер Том Крузқа алғаш рет құрметті «Оскар» сыйлығы табыс етілді. Оған бұл марапат 16 қарашада Governor Awards салтанатты кешінде берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Bild басылымына сілтеме жасап.

40 жылдан астам мансабында Круз төрт рет номинацияға ұсынылды, бірақ бірде-бір рет жеңімпаз болмаған.

Бұған дейін үздік актер, продюсер ретінде марапарттарға ие болған. 

Құрметті «Оскар» сыйлығы ең беделді марапаттардың бірі. Бұған дейін оны Чарли Чаплин, Джуди Гарленд, Федерико Феллини, Фрэнсис Форд Коппола және Спайк Ли сияқты тұлғалар алған. Енді бұл тізімге Том Круз та қосылды. Голливудта актерды «киноның құтқарушысы» деп атайды, өйткені ол дүниежүзілік пандемиядан кейін кинотеатрларға көрермендерді қайта тартуға үлкен үлес қосқан.

Круз тек рөлдерімен ғана емес, «Миссия невыполнима» сериясындағы қауіпті трюктерімен және Стэнли Кубрик пен Пол Томас Андерсон сияқты культ режиссерлермен жұмыс жасағанымен де әйгілі болған.