Іс бойынша күдіктілерге Атырауда үкім шықты
Яна Легкодимованы өлтірген Ризуан Хаиржанов пен Алтынбек Катимовке өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Еске салсақ, Атырау қалалық сотында 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты қылмыстық істің отырысы аяқталды.
Басты айыпталушылар Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Қатимов болған.
Айыпталушыларға алдын ала сөз байласу арқылы кісі өлтіру, қылмысты хабарламау, жасыру және ұрлық баптары бойынша айып тағылған еді.