Малиде TikTok-та видео жариялаған жас қызды өлтіріп кетті

Автор: Аягөз Құрмаш

Жиһадшылар қозғалысы осындай шешім қабылдаған

Фото: © iStock.com / Thomas Brissiaud

Малиде жергілікті тұрғын Мариам Сиссені TikTok-та видео жариялағаны үшін өлтіріп тастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Солтүстік Малиде болжам бойынша жиһадшылар TikTok-та видео жариялаған жас әйелді ұрлап, кейін оны көпшілік алдында өлтірген», - деп хабарланған жарияланымда.

Қайтыс болған әйелдің ағасы оның Мали әскеріне жиһадшылардың қозғалысы туралы ақпарат бергені үшін айыпталғанын айтты. Оның сөзінше, Сиссе ұрланғаннан кейін мотоциклмен Тонка қаласындағы Орталық алаңға жеткізілген және сол жерде атылған.

Солтүстік Малиде жағдай шиеленісіп тұр. Елдегі дағдарыстың себебі 2011 жылы Ливияда Муамар Каддафиді биліктен тайдырудан басталған, сол кезде Туарег тайпаларының босқындары Мали аумағына ағылған.

Солтүстік бөлікті басып алған олар «Азавад» деген «тәуелсіз» мемлекет жариялаған. Кейін экстремистер туарегтерді өз бақылауындағы жерлерден ығыстырған.