Алматыдағы балалар үйінде өрт шықты

Автор: Дәулет Ботагөз

Балалар дер кезінде эвакуацияланды

Фото: ТЖМ

Алматы қаласындағы балалар үйінің аумағында орналасқан асхана ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, өрт асхананың ішкі бөлігінде тұтанған, алайда ғимаратта адамдар болмаған.

«Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен қызметкерлері дер кезінде эвакуацияланды. Олар қазір қауіпсіз жерде», – делінген ведомство хабарламасында.

Оқиға орнында ТЖ қызметі жұмыс істеп жатыр

Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнына Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен техникалары тартылған.

Өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.

«Оқиға орнында қалалық ТЖД бастығы жұмыс істеп жатыр», – деп мәлімдеді министрлік.