Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек қашан өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұған дейін екеуінің үшінші жекпе-жегі 12 қыркүйекте өтеді деп хабарланған еді

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль  Альварес арасында биыл жекпе-жек өтпейді, деп хабарлайды Sports.kz

Головкиннің келесі қарсыласы Камил Шереметаның промоутері Анджей Василевскийдің айтуынша, GGG мен Шеремета арасындағы жекпе жек  қазан немесе қараша айларының бірінде өтеді. Жекпе-жек қазанның екінші не үшінші сенбісі (10 немесе 17 қазан), болмаса қарашаның алғашқы сенбісінде (7 қарашада) өтуі мүмкін.

Бұл дегеніміз, Геннадий Головкин 2020 жылы Канеломен төбелеспейтіні нақты белгілі деоген сөз. Головкин мен Альварес арасындағы бокс кеші 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында, мүмкін, мексикалықтардың дәстүрлі мерекесі – «Синко де майо» қарсаңында өтуі мүмкін.