Қазақстанның басым бөлігінде қатты жаңбыр жауады

Автор: Azattyq Rýhy

Тек еліміздің батысында күн айық болады

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Елімідің солтүстігінде, солтүстік батысында қатты дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін деп хабарланып отыр. Ал оңтүстікте шаң көтеріліп, құйын соғады. Аұмола, СҚО, Павлодар облыстарында желдің күші секундына 15-28 метр жылдамдыққа жетеді. Шығыс Қазақстан облысы мен Қарағанды облысында күн күркіреп, бұршақ түседі деген болжам бар.

Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында бүгін қатты жаңбыр жауып, секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғады. Арасында күн күркірейді деп хабарлаған қалалық төтенше жағдайлар департаменті елордалықтарға абай болуды ескертті.