«Әкесінің көлігін сұрамай мініп кеткен»: Ақтөбеде 13 жасар ұл қаза тапты

Автор: Бақыт Шынар

Бала рульге ие бола алмай, апатқа ұшыраған

Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысында тағы бір оқушы көлік апатынан қаза тапты. 13 жасар жасөспірім әкесінің көлігін рұқсатсыз мініп кетіп, апатқа ұшыраған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтөбе облысының полиция департаменті хабарлағандай, жол апаты осыдан үш күн бұрын, 27 қазанда тіркелген екен.

«13 жастағы жасөспірім әкесінің автокөлігін рұқсатсыз алып, елді мекен аумағында келе жатқанда көлікті басқара алмай, жол жиегіндегі кюветке аударылып кеткен. БЛала жарақат алып, ауруханаға түскен. Алайда, дәрігерлер бар амалды жасаса да ажалдан арашалай алмады», - деп хабарлайды полиция.