Ақтауда пневмонияға шалдыққан науқастарға орын жетпей, теннис орталығына 150 төсек-орын қойылды

Автор: Azattyq Rýhy

Егер өкпесі қабынған адамдардың саны көбейсе, басқа да  әлеуметтік нысандар ауруханаға ықшамдалады

Сурат Лада.кз сайтынан алынды

Ақтауда пневмонияға шалдыққан науқастарды емдеу үшін Приморский кентінде, теңіз жағажайында орналасқан теннис орталығына 150 төсек-орын қойылды. Егер науқастар саны артса, басқа да нысандарға төсек-орын қойылады. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасай отырып, жергілікті Лада басылымы жазады.

Ал, осы қосымша төсек-орындарға түскен азаматтарды емдейтін дәрігерлер үйлеріне бармай, қонақ үйлерде жатады.

«Қазір Маңғыстау облысының барлық қалалары мен аудандарында пульмонологиялық провизорларды көбейтіп жатырмыз. Ауруға шалдыққандардың саны көбейген соң, ең алдымен Бейнеу ауданында, Жаңаөзен мен Ақтау қалаларында тиісті шаралар жасалды. Мысалы, Бейнеуде 55 орынға арналған провизорлы стационар, Жаңаөзенде 75 орындық провизор орталығы ашылды. Мұнайлы, Түпқараған және Қарақия аудандарының науқастары Ақтауда емделіп жатқандықтан, Ақтау қаласында науқастар саны әлдеқайда көп. Сондықтан, бұрынғы перзентхана ғимаратынан 100 орын, туберкулезға қарсы диспансерден 100 орын, Маңғысьау облыстық ауруханасының В блогынан 300 орын және теннис орталығынан 100 орын дайындадық», - деп хабарлаған Лада.кз-ке облыстық қоғамдық коммуникациялар қызметі