Қазір Қазақстанда 1 896 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін пайдаланып отыр
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 666 шетел азаматы жұмыс істейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Еңбек министрлігіне сілтеме жасай отырып.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар келесі санаттар бойынша бөлінеді:
Қазіргі таңда елде 1 896 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін пайдаланып отыр. Бұл кәсіпорындарда 339,1 мыңнан астам қазақстандық еңбек етеді, яғни жалпы қызметкерлер санының 96%-ын отандық мамандар құрайды.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша шетел азаматтарының көбі мына салаларда жұмыс істейді:
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілейді.
2025 жылға жалпы квота – жұмыс күшінің 0,2%-ы немесе 14,8 мың бірлік мөлшерінде бекітілген.
Биыл наурыз айында бұл көрсеткіш жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері негізінде 16,5 мың бірлікке дейін ұлғайды.
Ал тамыз айынан бастап маусымдық жұмысшыларға арналған кәсіптер тізімі кеңейтілуіне байланысты квота 0,25% немесе 19,4 мың бірлікке дейін артты.