Нұр-Сұлтанда 8 адам жұқпалы аурудан көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың диагнозы – коронавирус инфекциясы

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетінен 8 науқас көз жұмды, деп хабарлайды www.coronavirus2020.kz сайты.  Олар - 1959, 1947, 1943, 1954 және 1955 жылдары туған ер азаматтар және 1976, 1942 және 1948 жылдары дүниеге келген әйел адамдар.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия марқұмдар коронавирус инфекциясынан көз жұмды деп тіркеген.

Естеріңізге сала кетейік, осы өлім фактілерін қосқанда, Қазақстан бойынша барлығы 158 адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды.

Өңірлерге бөлсек, өлім  статистикасы төмендегідей:

Нұр-Сұлтан қаласы – 53

Алматы қаласы – 26

Шымкент қаласы – 13

Ақмола облысы – 13

Ақтөбе облысы – 1

Атырау облысы – 3

Шығыс Қазақстан облысы – 2

Жамбыл облысы – 1

Батыс Қазақстан облысы – 6

Қарағанды облысы – 10

Қостанай облысы – 3

Қызылорда облысы – 2

Маңғыстау облысы – 2

Павлодар облысы – 13

Солтүстік Қазақстан облысы – 2

Түркістан облысы – 8