Полиция қазір күдікті әйелді іздеп жатыр
Атырау облысы Жылыой ауданының Қосшағыл ауылында ІІ топтағы мүгедектігі бар зейнеткер әйел ұрыдан жапа шекті: зейнеткердің үйіне баса-көктеп кірген әйел оның бетіне сірке суын шашып, алтын бұйымдарын алып кеткен, деп жазады Azattyq Rýhy.
Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, сірке суы кейуананың беті мен көзін күйдіріп жіберген.
«Қарақшы әйел ІІ топтағы әженің бетіне сірке суын шашып, үйінен бірнеше алтын бұйым алып кеткен. Зейнеткердің бетін күйік шалып, көзіне де зақым келген», – деп жазады дереккөз.
Зейнеткердің қызының айтуынша, анасының көзі ауырғанына қарамастан дәрігерлер оны ауруханаға жатқызбай, үйіне қайтарған.
Ал полиция қазір күдікті әйелді іздеп жатыр.