Мұғалім мен ата-ана арасында жанжал болды
Павлодардағы мектептердің бірінде мұғалім мен қызының бағасына наразы болған тұрғын төбелесіп қалды. Желіде тараған ақпаратта педагог басынан жарақат алғаны айтылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Павлодар облыстық полиция департаменті мұғалім мен оқушының әкесі арасындағы төбелес туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
«Оқиға күндізгі уақытта мұғалім мен қорытынды бағалаудағы нашар бағаға шағымданған ата-ана арасында болды. Жанжалға қатысушылар татуласты, бір-біріне ешқандай шағымы жоқ», - деп хабарлады полиция департаменті.
Ведомство ата-анаға мұғалімдерге құрмет көрсету керектігі ескертіліп, алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілгенін атап өтті.