Қостанай облысында жеке үй өртеніп, зейнеткер қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің себебі әлі анықталып жатыр

Қостанай облыстық ТЖД

Оқиға 25 маусым күні кешкі сағат тоғыз жарым шамасында болған. Қостанай облысы Қостанай ауданына қарасты Самир ауылында өртенген үйден 1954 жылғы әйелдің мәйіті табылған, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына санаулы минуттар ішінде жеткен. Белгілі болғаны, Школьная көшесінде орналасқан жеке үйдің 65 шаршы метр аумағы өртеніпті. Қызыл жалынды сөндіруге шамамен 1,5 сағаттай уақыт кеткен.

«Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 7 қызметкері мен 2 техникасы келіп жетті. Өрт сағат 23:15-те ауыздықталып, сағат 23:29-да жойылды», - делінген ТЖД таратқан хабарламада.

Өрт сөндірушілер отты өшіріп болғаннан кейін өртенген үй ішінен 66 жастағы әйелдің мәйітін алып шықты. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.