$ 536.32  626.9  6.6
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстаудың прокурорлары 550 үлескердің құқығын қорғады

Олар мердігерге алданып қалған

Маңғыстаудың прокурорлары 550 үлескердің құқығын қорғады
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Маңғыстау облысының прокуратурасы аяқталмай қалған тұрғын үй құрылыстарына қаржы салған азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында жұмыс жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy прокуратураға сілтеме жасай отырып. 

Тергеу мәліметінше, 2020–2023 жылдары «Интерьер Строй Ақтау» ЖШС тұрғын үй нысандарын саламыз деп уәде беріп, азаматтармен алдын ала сатып алу-сату келісімшарттарын жасаған. Компания салымшылардан шамамен 5,5 млрд теңге жинап, бірақ құрылысты аяқтамаған. Кейіннен серіктестік басшылары алаяқтық жасағаны үшін сотталған.

Салымшылардың мүддесін қорғау мақсатында прокуратура «AQ QALA 2024», «Сұлтан-Жеңіс» және «Murager-Aktau» тұрғын үй кешендеріне қатысты пәтерлерді алдын ала сату келісімшарттарын бұзу және құрылыс нысандарын тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің меншігіне беру туралы сотқа талап арыз берген.

Ақтау қалалық №2 соты 2025 жылғы 5 және 9 қыркүйекте прокурорлардың талаптарын толық қанағаттандырды. Бұл шешім салымшыларға мемлекет қолдауымен құрылысты аяқтап, өз пәтерлерін алу мүмкіндігін береді. Осылайша, 550 салымшының құқығы қорғалды.

Серіктес жаңалықтары