Ақтау тұрғыны терезеден секіріп кетпек болды

Автор: Azattyq Rýhy

Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған

Ақтауда полиция қызметкерлері құтқарушылар келгенге дейін әйелді суицид жасамауға көндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап. 

«Полиция өкілдерінің хабарлауынша, кезекші пультіне тұрғын үйлердің біріне ұры түскелі жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Сол жерге жақын маңда жүрген патрульдік полиция оқиға орнына барып, әйелдің терезеден секіргелі жатқанын білді», - деп жазады басылым.

Полиция әйелді құтқарып қалды.