Еліміздің бірқатар аймағында полиция ауқымды тексеру бастады
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында бір айдан бері ауқымды тексеру басталған: полиция астық ұрлап сататындар мен дизельді жымқырған топ өкілдерін қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның ақпаратына сүйенсек, егін сақтайтын қамбалар, егін таситын жүк көліктері мен басқа да арнайы техникалар тексерілген.
«Биылғы егіннен астық ұрлаған сегіз факт анықталды. Олардан 141 тонна астық, 175 келі басқа да дәнді дақыо, 200 литрден артық дизель табылды. Төрт қылмыстық топ, 18 адам қолға түсті», - деп хабарлайды полиция.